Шығыс Қазақстан облыстық экология департаменті мобильді зертхана-ға қол жеткізді. Енді қаланы көк тұман тұмшалаған күндері,.. экологтар бұрынғыдай ескі қол жабдықтарды алып жүгірмейді. Заманауи көлікпен діттеген жеріне жетіп, кешенді зерттеу жүргізе алады. Жаңа эко-зертхананың мүмкіндіктері қандай? Өндірісті өлке үшін қаншалықты маңызды? Тілшіміз Эльмира Ахметова мамандардан сұрап білді.
Тымық күндері Өскеменнің аспанын көк тұман торлайды. Ауа сапасы нашарлап халықтан шағым көбейеді. Сондай кезде экологтар қолда бар құралдарын алып, атомосфера құрамы ең лас саналатын зауыт аумақтарын тексеріп шығады. Алайда ескі жабдықпен жұмыс істеу көп уақыт алатын. Әрі талдау дәлдігі де күман тудыратын еді. Енді сол көне аппаратураға қараған күн артта қалды. Қалаға соңғы үлгідегі мобильді зертхана жеткізілді.
Фархат Кінасылов, ШҚО экология департаментінің бөлім басшысы:
Бұрынғы біздің осындағы жабдықтармен біз әр концентратты кезек кезек өлшейтінбіз, ал бұл газоанализатор арқасында бірнеше концентрацияны өлшеуге бірден бір мезгілде мүмкіндік беріледі.
Талдау құрылғысы бір сәтте ауа құрамындағы 11 концентрат бойынша мәлімет жинақтайды. Күкірт диоксиді, азот тотығы, азот оксиді, тұз қышқылы сынды бірнеше зиянды қалдықтың шоғырлануын бірден көрсетеді.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Шығарындылардың қай жерде орын алайын деп отырғанын со жерде көріп, қажетті зерттеу жұмыстарын машинаның ішінен шықпай ақ жүргізе береді және қажетті ұсыныстарды кәсіпорын басшыларына немесе эколоия прокуратурасына сол мезгілде жіберіп қажетті шараларды қабылдай береміз.
Әмбебап кешен метеостанцияның да ролін атқара алады. Желдің екпіні мен бағытын әрі ылғалдықты анықтайды. Дегенмен сарапшылар экологиялық ахуал өзекті өлкеге бұл да аздық етеді, деп санайды. Сондықтан алдағы уақытта жалпы мониторинг жүйесі іске қосылады. Ол үшін 15 учаскеге датчик қою көзделген.
Елена Березинская, «Өскемен тынысы» экологиялық қорғау бюросының жетекшісі:
Ол құрылғылар өнеркәсіптік аумақтарға сонымен қатар өзге де учаскелерге қойылады. Осылайша зинды қалдықтар туралы қала бойынша толық мәлімет бір арнаға тоғысады. Яғни экологтар бұрынғыдай әр жаққа барып жүрмей- ақ автоматты түрде ақпаратқа қол жеткізеді. Қазір бұл жоба дайындалып жатыр.
Айта кетсек, жыл басынан бері Өскеменде 108 рет қолайсыз метеорологиялық күн жарияланды. Жаңа мобильді зертхана мен қабылданып жатқан шаралар осындай жайсыз күндер санын мейлінше азайтуға, әрі олардың нақты себебін жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Эльмира Ахметова. Жігер Бабаханов 24kz