Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылы наурыздың аяғына дейін АИ-92 бензині, дизель отыны және сұйытылған газ бағасы өзгермейтінін айтты. Алайда реттелмейтін бензин маркалары бойынша баға өсуі мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2026 жылғы наурыздың аяғына дейін мораторий жарияланды. Үкімет осы уақытқа дейін шешім қабылдады, яғни баға өзгермейді", — деді министр.
Десе де, шенеуніктің айтуынша, АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин бағасы өсуі мүмкін, өйткені олардың бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді.
Министр мораторий сұйытылған мұнай газының бағасына да қатысты екенін айтты, дегенмен заң бойынша оның құны жылына екі рет өзгеруі мүмкін.
"Заң бойынша жылына екі рет қана бағаны өзгерту мүмкіндігі бар. Бірақ Үкімет 2026 жылғы наурыздың аяғына дейін мораторий жариялады, баға өзгермейді", — деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда бензин бағасына қатысты жедел желі іске қосылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!