Боксшы Ұлжан Сәрсенбек Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде қола жүлдеге ие болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ұлжан Сәрсенбек жартылай финалда үндістандық Жасминмен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жекте үнді боксшысы жеңіске жетті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget