Семейде орманшылар тас жол бойында көлік қағып кеткен сілеусінді қайда өткізерлерін білмей дал. Жыртқыштың алдыңғы екі аяғы сынған. Жануарды орман шаруашылығына тұрғындардың бірі жеткізген. Қазір сирек кездесетін мысық тұқымдасқа тек тамақ беріп қана отырмыз, — дейді орманшылар. Оған жедел түрде операция жасап, емдеу қажет. Қызыл кітапқа енген жыртқыштың жарақаты ауыр болғандықтан мүлдем қозғала алмайды. Оны табиғи ортаға жіберуге жарамайды. Жергілікті ветеринарлар болса, жабайы аңды емдеуден бас тартқан.
Ержан Жақып