Жыл басынан бері АҚШ-қа Қазақстаннан 750 млн долларға жуық көлемде тауар экспортталған .
Оның 260 млн доллардан астамын мұнай мен өнімдері құраса, қалғаны уран, күміс, ферроқорытпалар, тантал мен титан сынды сирек металдар үлесіне тиген. Ал Америкадан әкелінген импорт көлемі 9 айда 1,7 млрд долларға жеткен. Өткен жылғы сандармен салыстырғанда 4,8 пайызға төмен. Бұл ретте негізінен жеңіл көліктер, ұшақтар, ауыл шаруашылығы техникасы, медициналық құрал-жабдықтар мен өзге де жоғары технологиялы өнімдер тасымалданған. Дәрі-дәрмек пен вакциналардың үлесі де аз емес. Мәселен, осы уақытқа дейін 250 млн долларға жуық көлемде дәрілік препараттар жеткізілген. Былтырғыға қарағанда 2 есе көп.
2025 ж. қаңтар-қыркүйек айлары аралығында
АҚШ-қа экспорт — $749,7 млн
$269,1 млн — мұнай, мұнай өнімдері
Қалғаны — сирек металдар
АҚШ импорты — $1,7 млрд
2024 ж. — 4,8%
Жеңіл көліктер, ұшақтар, ауыл шаруашылығы техникасы, медициналық құрал-жабдықтар, компьютерлер
$249,3 млн — дәрілік препараттар, вакциналар