Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева отбасылық тойдың кейінге шегерілгенін айтып, қынжылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақынның айтуынша отбасында 1 қараша күні той жоспарланған екен. Алайда белгісіз себептерге байланысты ол кейінге шегерілген.

«Түнде балама, күндіз анама қарап… Отбасымызда 1 ноябрь той болуы керек еді, кейін шегереміз бе десек, мына кісі тойды қайткенде де жасаймыз деп жатыр.

Соңғы күндері күн мен түн алмасып кетті, ештеңеге үлгермей жүгіріп жүрмін. Қаншама той, туған күндер болып жатыр.

Адамның айтқаны емес, Алланың бұйырғаны болады екен ғой. Разбор жасатамын деп Ақтаудан, Қарағандыдан келген оқырмандарымнан кешірім сұраймын», — деп жазды айтыскер ақын.