Республика күні еліміздің Франциядағы Елшілігінде аталып өтті. Іс-шараға сол елде білім алып, еңбек етіп жүрген ел жастары қатысты.

Кездесу барысында Елші Гүлсара Арыстанқұлова осыдан 35 жыл бұрын Егемендік туралы Декларация қабылдау арқылы Қазақстан жаңа тарихи дәуірге қадам басқанын атап өтті. Дипломат елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларға да тоқталды. Кездесуге қатысқан студенттер мен жас мамандар ғылыми жобаларын таныстырып, Қазақстан тарихы бойынша викторинаға қатысты. Шара концерт және мерейтойлық көрмені тамашалаумен аяқталды.