Жаңаөзенде мектеп оқушылары арасындағы төбелес видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді.

Полиция мәліметінше, ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жасөспірімдер профилактикалық есепке қойылған.

Еске салайық, бұған дейін Қызылордадағы мектеп әжетханасында оқушыны қатарластары жабылып соққыға жыққаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget