Мемлекет басшысы Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады . Кездесуде қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқыланды. Рустами Эмомали Мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтап, халықтарымыздың игілігі үшін екі елдің парламенттері арасында конструктивті және іскерлік байланыстар жолға қойылғанына назар аударды. Қабылдау барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Оңғар Алпысбайұлы