Астанада « Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты кітабы таныстырылды, деп хабарлайды 24kz.

Туындыда Мемлекет басшысының халықаралық байланыс орнату жолындағы маңызды қадамдары мен елеулі оқиғалар топтастырылған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізді дамыту мен өркендету ісіндегі жылдар бойы атқарған жұмыстары сарапталады. Ресей, Қытай, АҚШ және Еуропалық Одақ елдерімен әріптестік қарым-қатынастың бағыттары талданған. Жазба ЖОО-ның студенттері мен халықаралық қатынастар саласындағы мамандарға арналған.

Айта кетсек, құнды монографияны Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары әзірлеген.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:

- Институт ғылыми қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» атты кітаптың таныстырылымын өткізіп отырмыз. Бұл бірнеше мақсатты көздейді. Біріншісі әлемдегі қауіпсіздік мәселе, оның ішіндегі геосаяси мәселелер архитектурасы барлығы өзгерген. Біздің ұрпағымыз Қазақстанның бүгінде ұстанатын ұстанымын, жетістіктері түсіну үшін монографияны жазып отырмыз.