Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елорданың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.

Ол Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және мемлекеттік органдар мен мердігер ұйым өкілдерімен бірге қаланың жылу электр орталықтарын аралады. Нысанда биыл күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізілген. Ал газбен жұмыс істейтін электр станцияларының құрылысы жалғасуда. Жобаға 18 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұдан бөлек жаңа қосалқы станция құрылысы да аяқталуға жақын. Роман Скляр барлық жұмыстарды мерзімінде аяқтап, тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтуды тапсырды.