Әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеннің анасы, әнші Света Айтбаеваның Халық әртісі Роза Рымбаеваға сыйлық жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.
Дүбірлі той кезінде Димаштың анасы Роза Рымбаеваға ерекше сый тарту еткенін көруге болады.
«Қазақтың ерекше дәстүрі бар. Тойбастардың өзінің кәдесі бар. Сондықтан мен Роза апайымызға мына жерде шаңырақ көтеріп жатқан жастырмыздың символикасы ретінде шаңырақтың бейнесі бар күміспен, алтынмен қапталған алқасын сыйлағым келеді. Әрқашан қазақтың жарқыраған Розасы болып жүре беріңіз», деді Димаштың анасы.
Желе қолданушылары Димаштың анасы барлық жөн-жоралғыларды білетінін айтып, тілектерін жаудырды.
Посмотреть в Threads