ҰҚК шілдеде Алматы қаласынан, Алматы , Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстарынан тәркіленген қару-жарақты көрсетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, 45 атыс қаруы, оның ішінде 6 калашников автоматы, түрлі модификациядағы 18 тапанша, 14 аңшы мылтығы, 7 шолақ мылтық, сондай-ақ, 6 граната, 2 тротил шашкасы және 400-ден аса оқ-дәрі тәркіленген.

Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі

"Ақмола облысында кәсіпорындардың бірінде өнеркәсіптік жарылғыш заттарды ұрлау арнасы жойылды. 20 келі жарылғыш зат тәркіленді", — деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget