Қымбатты көрермен, арнамыздан алыстамаңыз! Дәл қазір «Тапқыр отбасы» тележобасының тұсауы кесілмек. Белгілі актёр, шоумен Нұрдаулет Шертім жүргізетін жаңа бағдарламаның алғашқы шығарылымына екі отбасы қатысады. Олар үш кезеңде әртүрлі тақырыптағы сауалдарға жауап беріп, өзара сайысқа түседі. Бірлік пен тапқырлық танытқан, тапсырмаларды мүдірмей орындаған отбасы жеңіс тұғырынан көрінеді. Жаңа жобада барлығы 40 шығарылым болады деп жоспарланған. Отбасымен бірге тамашалаңыздар!
Жанел Өтеулі