Маңғыстау облысындағы техникалық колледждің есепшісі студенттердің шәкіртақысын қалтасына басқан. Бұны аймақ прокуратурасы анықтады. Мәліметке қарағанда, күдікті шәкіртақыға тиесілі қаржыдан бөлек, іссапар мен салыққа тиесілі 243 млн теңгені өзінің есепшотына аударып жіберген. Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік жұмыспен айналысуға тыйым салды.
Болат Аманбаев