Шымкентте қоқыс контейнерінен 26 жастағы қыздың денесі табылды . Ол 21 шілдеден бері із-түзсіз жоғалған еді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция өкілдерінің мәліметінше, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілген. Қазір істің мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетін әрекет екенін ескертті.

Еске салайық, 1999 жылы туған Оңғарбаева Дияна Тастанбекқызы 21 шілдеде Шымкенттегі Нұрсат шағынауданындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кеткеннен кейін хабар-ошарсыз жоғалған. Оның іздестіріліп жатқаны туралы ақпаратты LIDER.KZ еріктілер ұйымы Instagram-парақшасында жариялаған болатын. Кейін полиция өкілдері оның денесі қоқыс контейнерінен табылғанын, ол қылмыстан кейін сонда тасталғанын хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget