Әнші Мирас Жүгінісов ағасы Рүстем Жүігінісовтың орнына кешірім сұрады .
Бұл туралы ол Threads желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Соңғы күндері ағамның айтқан пікірі қоғамда үлкен резонанс тудырып, кейбір жандардың көңіліне тиіп жатыр. Ол өз ойын білдірген жеке тұлға. Мен өз жолым, өз ұстанымым бар адаммын
Мен отбасымның әр мүшесін құрметтеймін, бірақ олардың жеке көзқарастары менің ойыммен әрдайым сәйкес келе бермейді. Сол үшін де кейбір кезде мәселелер туындайды. Оларды осылай айтып отырамын деп ойламадым. Не айтқым келгенін сіздер түсініп отырсыздар деп ойлаймын”, — деді әнші.
Сондай-ақ, ол ағасының орнына кешірім сұрады.
”Жалпы менің шығармашылығым махаббат, адамгершілік және құрмет жайлы. Әндерімнің көбісі дәл сіздерге, нәзік жандыларға арналған. Өйткені, әйел жанының орны мен үшін ерекше.
Сондықтан бұл жағдайдан көңілі қалған барша жаннан кешірім сұраймын! Сіздердің сенімдеріңіз мен үшін өте маңызды”, — деп жазды әнші.