«OpenAI» жасаған жасанды интеллект моделі Халықаралық математика олимпиадасында алтын алды.
«ChatGPT» сайыста жоғары нәтиже көрсетті. Нейрожелі алты тапсырманың бесеуін шешіп, 42 ұпайдың 35-ін жинаған. Бұл нәтиже «алтын» медаль алуға жеткілікті. Аталған олимпиаданың есептері тек теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар ерекше шығармашылық ойлауды талап етеді. Бұрын мұндай тапсырмаларды жасанды интеллект аса жақсы орындай алмайтын еді.