Елордадағы ауруханада жүкті әйел сәбиінен айырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға №2 көпсалалы облыстық ауруханада болған. Ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды.

- Ол қансырап жатты, жылады, көмек сұрады. Түсік тастау қаупі бар еді, бірақ дәрігерлер тарапынан ешқандай әрекет болмады. Бұл – сұмдық жағдай. Әйел ауруханада да өзін қауіпсіз сезіне алмайды, – деп жазды әйелдің палатадағы көршісі.

Аурухана әкімшілігі тиісті ақпаратты растады. Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталды.

- Арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады, – делінген мәлімдемеде.

Куәгерлердің сөзінше, әйелдің көмек сұрағанына қарамастан, медициналық қызметкерлер тек 1 сағат 45 минуттан кейін ғана келген. Осы уақыт ішінде жүкті әйелдің жағдайы күрт нашарлап, нәрестені аман алып қалу мүмкін болмады.