Қазақ журналистикасы қара жамылды. Бүгін белгілі журналист Мұхтар Түменбай 55 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Ол 1970 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Әкесі танымал жазушы Жақсылық Түменбаев. Журналист өзінің еңбек жолында бірқатар басылым мен республикалық телеарнада қызмет атқарды. 1992 жылы «Таңшолпан» бағдарламасының алғашқы жүрналистерінің бірі болса, араға 10 жыл салып сол бағдарламаға жетекшілік етті. Кейін «Qazaqstan» телеарнасындағы «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі ретінде көрерменге кеңінен танылды. Оның ешкімге ұқсамайтын ерекше дауысы көпшіліктің көңілінде жатталып қалды. Ал өмірінің соңғы жылдарында «Мәншүк. Әкеге араша түскен қыз», «Төрт қайсар», «Әлия. Ерлік алгоритмі» сынды соғыс қаһармандарына арналған деректі фильмдердің авторы атанды.
Дамир Нұрмұхамет