Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Василий Сергеевич Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2025 жылы 18 наурызда Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды.

Жаңа агенттіктің төрағасы болып еліміздің Энергетика министрлігін басқарған Алмасадам Сәтқалиев тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Ғұмар Серғазин Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болып тағайындалғанын жазғанбыз.

Одан бөлек 2025 жылғы 25 сәуірде Тимур Мифтахұлы Жантикин және Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары лауазымына тағайындалған еді.