Жамбыл облысында жаңадан Мәдениет үйі ашылды. Дәлірек айтсақ, Байзақ ауданына қарасты Мырзатай ауылына 120 орындық өнер ордасы пайдалануға берілді.
Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев пен мәслихат депутаттары қатысып, жергілікті тұрғындарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Жобаның жалпы құны 267 млн теңгені құрайды. Қазір онда 6 қызметкер еңбек етіп жатыр. Сондай-ақ жыл соңына дейін Қордай, Мойынқұм, Шу аудандарында да осындай Мәдениет үйі ашылады деп жоспарланып отыр.
Әуезхан Байкен, ауыл тұрғыны:
- Халыққа керек нәрсе ғой. Бұл Мәдениет үйі Мырзатай ауылының қуанышы десе де болады. Бүгін бізде ақ түйенің қарны жарылып жатыр. Қуаныштымыз. мәдениеттің өзі рухани байлық. Балаларға рух, тәрбие беретін мекеме болып тұр.