Абай облысында жұмыссыздар қысқа мерзімді курс оқып, жаңа мамандықты тегін меңгере алады .

Қаладағы колледж оқытушылары көшпелі оқу орталықтарында сабақ жүргізеді. Еңбекке қабілетті кез келген адам аспаз, есепші және өндіріске қажетті жұмысшы мамандығына оқиды. Биыл үш айлық курстарға 300- ден астам адам қатысады. Курсты бітіргендер тұрақты жұмысқа орналасады. Мамандардың айтуынша, қысқа мерзімді курстар жұмыссыздық мәселесін шешуге ықпал етеді. Әрі мамандық иесі атанған жанның кәсіби өсуіне мүмкіндік береді.

Еркебұлан Тұрсын, облыстық еңбек мобильділігі орталығының директоры:

- Биылғы жылы жұмысшы мамандықтары жылы қарсанында Абай облысында Еңбек мобильдігі орталығы және мансап орталықтары ұйымдастыруымен 340 адамды қысқа кәсіби оқыту курстарын оқытуды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі таңда біз 142 азаматты оқытуды бастап кеттік.