Ел экономикасы 6 айда 6,2 пайыз өсім көрсетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша экономиканың өсуі рекордтық деңгейге жетіп, соңғы 12 жылдағы жалпы ішкі өнімнің өсуінің ең жоғары көрсеткіші болды. Нақты сектордағы өсім 8 пайыз болып, қызметтер өндірісі 5,2 пайызға өскен. Негізгі драйверлер – көлік және құрылыс салалары. Сауда жанданып, тау-кен өнеркәсібі , өңдеу секторы және ауыл шаруашылығы бағытында оң өзгеріс бар.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысының экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Үкімет тарапынан жүйелі шаралар қабылданып, іске асырылып жатыр. Негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Инвестицияларды белсенді түрде тарту түрлі салаларда аса маңызды бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды бастауға ықпал етті.
Азамат Бейбітұлы