БҚО-да 58 жастағы ер адам суға батып кеткен, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, 12 шілдеде Шалқар көлінде құтқарушылар 1967 жылғы ер адамның денесін судан шығарды. Марқұм белгісіз жағдайда батып кеткен.
Жыл басынан бері 23 адам суға кетсе, соның ішінде төртеуі – балалар. Соның ішінде шомылу маусымы басталған маусымнан бері 15 адам (үшеуі – бала) қазаға ұшырады.
ТЖД судағы қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау керегін еске салады. Атап айтқанда, тыйым салынған жерлерде және түнгі уақытта суға шомылмау керек. Құтқару құралдарын пайдаланып, балаларды қараусыз қалдырмау қажет.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!