Ресми жұмыс істемейтіндерге МӘМС-те сақтандырылудың жаңа жолы ұсынылды, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұрын жүйеде "сақтандырылған" мәртебесі кейінгі 12 айға жарналар толық төленсе ғана берілетін. Осы кезеңде тіпті бір айға жарна төленбесе, қарыз пайда болып, оны өтеуге тура келетін.
Ал қазір МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге (05.09.2022 ж.) сәйкес, былтырғы қарызды өтемей-ақ, алдағы бір жылға сақтандырылу мәртебесін алуға болады.
"Ол үшін келесі 12 айға жарналарды алдын ала төлеу қажет. Есіңізде болсын: әр ай үшін 4250 теңгеден жеке-жеке төленуге тиіс. Яғни жарнаны бір жолғы сома ретінде төлеу қате, сондықтан мәртебе берілмейді. Сақтандыру мәртебесі сізге дәл осы айда қажет болса, жылдық кезеңді осы айдан бастаңыз", — делінген хабарламада.
Жарналарды банк кассалары, мобильді қосымшалар, төлем терминалдары және Қазпошта бөлімшелері арқылы төлеуге болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз