Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында "Уимблдон" турнирінің ширек финалына шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерлесіміз жұптық сайыста ресейлік Егор Плешивцевпен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Олар 1/8 финалда турнирдің екінші нөмірлі жұбы ресейлік Тимофей Дерепаско мен италиялық Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Осылайша Әмір Омарханов/Егор Плешивцев жартылай финалға шығу үшін оңтүстікафрикалық Коннор Доиг/үндістандық Криш Туягимен кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget