Испанияның Памплона қаласында Сан-Фермин фестивалі аясында дәстүрлі бұқалармен жүгіру жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Қызықты іс-шара 9 күн жалғасады. Онда жүздеген адам тар көшелермен, арнайы қоралардан босатылған бұқалардан қашып, бірге жүгіреді. Бұл сегіз ғасыр бойы жалғасып келе жатқан ең қауіпті сайыс түрі. Жарыстың алғашқы күні алты адам зардап шекті. Бұқалардың салмағы 600 келідей болады. Сондықтан сүзіп не таптап кетіп жатса ауыр жарақат алуы мүмкін. Жүгіру сайысына қатысу үшін алдын-ала тіркелудің қажеті жоқ. Қатысушылар өз еркімен келе береді. Ал, туристер жарысты көбіне балкондардан тамашалайды.