Танымал спортшы, зілтемірші Алмас Өтешов желіде жан сырын ақтарап, көпке ой саларлық жазбасымен бөлісті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Алмус Өтешов желіде жан сырын ақтарды.

«АЛТЫ АЙДЫҢ АРАСЫ»

Бұл суретті салмас бұрын біраз ойландым. Жариялаудың қажеті бар ма, жоқ па деген ойлар көп мазалады. Бірақ өзіме пайдасы болмаса да, қазақтың өзге жастарына ой саларлықтай дүние болсын деп желіге жүктедім. Өйткені, кей адамдар күйік пен қайғының шығар жолын “ащы сумен” шатастырып, тағдырын тәлкекке салып жатады. Ұғынған жанға, қиындықты жеңіп шығып құтылудың жалғыз ақиқат жолы — сабырың мен иманың ғана.

“Арақты қалай қойдың?” деген сұраққа мен: Нұрсейіт Жылқышыбай бауырымның “Уақыт көрсетеді” ютуб каналындағы бағдарламасына сұхбат бергенімде, осы күннен бастап ащы суға жоламаймын деп халық алдында қасиетті Құранның атымен ант етіп, уәде еткенімнен бастау алды” деп жауап берер едім. “Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап”,- деп Абай атамыз айтқандай, мені де осы азапты жолдан құтқарған ақыл мен қайраттың үстемдігі.

Осы орайда, ең алдымен тура жолға түсірген жаратушы Аллаға сансыз шүкірлік еттім. Және де туған жеріме шақыртып, қолдау білдірген аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлы ағама, қызмет ұсынып жұмыспен қамтамасыз еткен облыстық спорт басқармасының басшысы Артаев Бахтияр ағама айрықша алғыс білдіремін. Оған қоса, рухани қолдау білдірген қазақтың атақты палуаны Тұрлыханов Дәулет көкеме, Мұстафаев Садық ағайыма, Каленов Бағдат ағама, Тәліпов Шалқарбек пен Қуатбек ағаларыма, Айтбаев Ғалым ағама, Тимофеевич Павел (дядя Паша-ға), Өмірбек Мұрат ағама, Сүлеймен Ғалым ағама, Үдербаева Рая апайыма, Байсариев Асқар мен Илья Ильин достарыма және де Қызылордаға келгендегі алғашқы жұмыс орным “Мұз айдыны” мекемесі ұжымы мен тілекші болған барша халқыма шынайы ризашылығымды білдіргім келеді», — деп жазды ол.