Оңтүстік Кореяда басталған таеквондодан командалық әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды. Жүлде үшін болған жекпе-жекте отандастарымыз Марокко спортшыларынан 2:1 есебімен басым түсті. Команда сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез сынға түсті. Айта кетейік, іріктеуде Ұлттық құрама Үндістанды жеңіп, жартылай финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Осылайша, ерлер командасы жылдың аяғында өтетін әлем кубогына жолдама алды.
Асылбек Данияр