Ал Ақмола облысында ұлттық домбыра күніне арналған «Ұлы дала әуені» атты кең ауқымды флешмоб өтті.
Ежелден ән-жырдың алтын бесігі атанып, сал-серілердің мекені болған Көкшетауда аудан мен ауылдан келген домбырашылар бас қосты. Сөйтіп, Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін бір мезгілде үш мыңға жуық өнерпаз орындады. Игі шараға сондай-ақ, кәсіби оркестрлер, фольклорлық ансамбльдер, дәстүрлі әншілер мен күй шеберлері де тартылды. Осылайша, бұл мереке ұлтттық бірегейлікті нығайтуға, жастардың дәстүрлі мәдениетке қызығушылығын оятуға бағытталды.
Бисара Мәкенова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Домбырамызды қолынан түсірмейтін қазағымыздың жаны, күйі, жүрегі осы біздің домбыра күніне құтты болсын айтқым келеді. Бұл бабаларымыздан келе жатқан аманат. Сондықтан аманатты кейінгі ұпақтарға табыстау — біздің міндетіміз.
Әйгерім Нұрбекқызы, Қосшы қаласының тұрғыны:
Ұлттық домбыра күнімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Мен «Адай», «Балбырауын», «Сарыағаш», «Еркем-ай», «Ерке сылқым», т.б. керемет халқымыздың атақты күйшілерінің күйлерін білемін.
Бибінұр әмірханқызы