UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қазақ спортшысы Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта өзіне тағылып жатқан сынға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Соңғы уақытта UFC файтері Шавкат Рахмоновтың тарапына сындар тағылып жатыр. Оның жекпе-жекке шықпай кетуіне байланысты түрлі хейттер айтылып жатты.
"Мен аш болмасам, мүмкін спортты тастап кететін шығармын. Менің де алдыма қойған мақсатым бар, сол үшін жүрмін. Мен енді робот емеспін, 24 сағат жаттығу жасайтын. Менің орныма біреу мен жүрген жолмен жүріп көрсін, сонда түсінеді. Жалпы аш немесе анау-мынау деген әңгілемер, тіпті керек емес. Жалпы білмегендіктен, надандықтан деп ойлаймын. Біз де адамбыз, біз де жұмыс істейміз, біз де жүреміз, тек қана жаттығу жасамаймыз. Жарақат бар кезде жарақаттың үстіне жұмыс жасаймыз, басқа да жұмыстарымыз бар, бала-шағамыз бар, оларды кім асырайды, сіздер келіп асырайсыздар ма? Әлде айып жатқандар ма? Ешкім ештеңе істемейді. Сондықтан табиғи факторлар бұл. Әрине, мен шыққым келеді, Қазақстанға белбеуді әкелгім келеді", – дейді Шавкат Рахмонов YouTube арнасына берген сұқбатында.