Абай облысында кейінгі уақытта иесіз жүрген мал көбейіп кетті.
Қазір арнайы айыптұрақта 5 мың 800 бас қамалып тұр. Қараусыз қалған мал жол-көлік оқиғаларына да себеп болып жатыр.
Облыс аумағындағы айыптұрақтың бірі Озёрки ауылында орналасқан. Мұнда күн сайын 10-15 бас ірі қара мен жылқы жеткізіледі. Қазір еркін жайылымнан ұсталған мал саны 30-ға жуықтаған. Олардың иелерін учаскелік полицейлер анықтайды.
Жандос Әміржанов, Жаңасемей ауданының учаскелік инспекторы:
- Бұл айыппұл тұрағына яғни қараусыз жүрген малдар, иесіз жүрген малдар қамалады. Иесі табылғаннан кейін оларға екі мерзімдік айыппұл салынады. Әкімшілік хаттама толтырылады.
Биыл мал бағу ережесін бұзған мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Көлік жүргізушілері де бұл жазалау шараларын құптайды. Себебі жайылымдағы иесі жоқ мал жолда қауіп тудырады.
БЛИЦ:
– Бүгін ғана қала сыртында жол апаты болды. Жүк көлігі қаңғыбас малды қағып кетті. Мұндайда жауапкершілік әрине мал иесінде.
– Өзім көргенмін. Салдары ауыр. Мал ұстаса, оны қараусыз қалдырмау керек.
Жыл басынан бері өңірде малдың қатысуымен 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Дені түнгі уақытта болған.
Мирас Мақсұтов, ПД Ақпараттық саясат басқармасының аға инспекторы:
Жол бойындағы үй мал еркін жою жол-көлiк оқиғасының 30 пайызына себепкер. Жол қозғалыс ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері 85 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. 5875 бас мал арнайы айыптұрағына жеткізілді.
Абай облысында 8 жол учаскесі қаупті деп танылған. Сол жерлерге арнайы мал макеттері орнатылған. Былтыр қараусыз төрт түлік иелеріне салынатын айыппұлдың ең жоғарғы көлемі 39 мың теңгеге дейін ұлғайтылды.
Ботакөз Дәндібаева, Медет Өмірханов