Ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамыған Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытып, агроөнеркәсіп кешенін жолға қою қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары өңірге жасаған жұмыс сапары барысында айтып өтті. Олар Сайрам ауданында банан өсіретін жылыжайдың жұмысымен танысып, ішкі және сыртқы нарықты сапалы өнімдермен қамту мәселесін талқылады. Жалпы алаңы 5,3 гектар аумақты алып жатқан кешенде жылына мың тонна өнім алып, ішкі нарықты қамтамасыз етуде. Жергілікті 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Депутаттар сондай-ақ Сарыарық елді мекеніндегі серіктестіктің балық өсіру жобасымен де танысты. Аталған кәсіпорын бүгінде шабақ өсіріп, тауарлы балық өсіру ісін жолға қойған. 259 гектар жерде тоғандар салып, жылына 721 тоннадан аса өнім алып отыр. Депутаттар кәсіпорындардың құрылтайшыларымен және жұмысшыларымен, жергілікті тауар өндірушілермен кездесіп, олардың проблемалары жайында пікір алмасты.
Қайрат Балабиев, Мәжіліс депутаты:
Қабылданған заңдар бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік экономикалық жағдайға қандай пайдасы тиеді, соны түсіндіру жұмыстарымен келіп, түсіндіріп жатырмыз. Ең бастысы халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, халықтың ойынан шығу. Көбірек халықпен кездесіп, солардың мәселесін шешудеміз.
Айнұр Әбілқасымқызы