Реформалардың шынайылығына, әділдікке және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігіне азаматтардың сенімі көбіне құқық қорғау органдарының кәсіби деңгейіне байланысты деген Президенттің сөзімен келіспейтін азамат жоқ. Жұрттың зығырданы қайнайтын – коррупциядан бастап күнделікті тіршілікті қиындататын мәселелер бар.

Сол тізбектегі адамдармен тікелей жұмыс істейтін учаскелік инспекторлар мен патруль қызметіндегі полицейлердің әлеуеті қандай? Бір жағы «менің қолымда аса билік жоқ» дегеннен басқа айтары шамалы, не үшін қызмет қылып жүргенін өзі білмейтін учаскелік инспектор мен қолындағы билігін беті бүлк етпей білдіріп, пара беруге мәжбүрлейтін патрульдік полицейлер еске түседі. Дегенмен көбі ісіне, антына адал деп үміттенеміз. Үмітті басқа адамның өмірін сақтау үшін өз өмірін қиған полицейлер ұлғайтады. Негізі тұрмыстың қандай екенін учаскелік инспектордан артық ешкім білмейді. Олардың пайымын әлеуметке жауап беретін министрлік әлеуметтік зерттеулерге пайдалануды ойлай ма екен?

Раушан Сайлауқызы учаскелік инспекторлармен бір күн жүрген репортажы.