Жаңа коммуналдық техниканың ішінде 15-і — скверлерді, саябақтар мен тротуарларды тазалауға арналған сыпыратын-вакуумдық машина, 20-сы — күзгі-қысқы маусымда автожолдарды күтіп ұстауға бағытталған біріктірілген жол техникасы, деп хабарлайды Ақтөбе қаласының әкімдігі .

Қазір жаяу жолдарды тазалауға арналған шағын техникалар Ақтөбенің саябақтары мен скверлеріне жұмылдырылды.

Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Жеткізуші компания өкілінің айтуынша, 15 техника Ақтөбе климатына бейімделген және көпфункциялы сипатқа ие. Сыпыратын-вакуумдық машиналар жазда сыпыру, шаң сору, жуу және қыс мезгілінде тротуарларға қатқан мұздақты еріту сияқты бірнеше жұмысты атқара алады. Яғни мұзға қарсы ерітінді құюға арналған бактардың болуы техниканы жыл бойы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақтөбе қаласын тазалау
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

"Біздің вакуумдық тазалау машиналарымыз саябақтар мен қала көшелерін тазалауға арналған. Бұл техника ұзақ қызмет етеді және коммуналдық қызметтерге сенімді көмекші болатынына сенімдіміз. Ең бастысы – операторлар мұқият және ұқыпты қарау керек", – деп атап өтті тасымалдаушы компания өкілі Баубек Қазыбаев.

Ақтөбе қаласын тазалау
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Компания жергілікті мамандарды оқытудың алғашқы кезеңін өткізді: 10–12 оператор дайындықтан өтті. Техникаға екі жылдық кепілдік беріледі, ал техникалық қызмет көрсету қалалық қызметтермен бірлесе атқарылады.

Ақтөбе қаласын тазалау
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

"Біз президент жариялаған Таза Қазақстан акциясына үлес қосу мақсатында қаламызды тазалау және абаттандыру жұмыстарын үздіксіз жүргізіп келеміз. Биыл қоғамдық кеңістіктерді, парк, скверлерді абаттандыруға ерекше ден қойып отырмыз.

Сондай-ақ қала жолдарын тазалау үшін арнайы техникалар паркін жаңартып жатырмыз. Өткен жылы 200-ге жуық арнайы техника алынды. Биыл тротуарлар мен жолдарды тазалауға арналған 43 техника алатын жоспарымыз бар. Соның, міне, алғашқы легі келіп жатыр", — деді қала әкімі Азамат Бекет.