Өскеменде көлік жүргізушісі жанармай құю кезінде оттықпен ойнап, көлігін өртеп жіберді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға қаладағы жанармай бекеттерінің бірінде болған.

Куәгерлердің сөзінше, ер адам бензин құйып жатып, еш алаңсыз оттықты шыртылдатып отырған. Сол сәтте-ақ бензиннің буы тұтанып, жалын көлікті әп-сәтте шарпып үлгерген. Өрт бір сәтте күшейіп, төңіректі дүрліктірді.

Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, қызыл жалынды ауыздықтады.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол жауапкершілікке тартылды. Құзырлы органдар жанармай бекеттерінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.