Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкі кеңесінің отырысын өткізді.
Онда ұйымның 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және ағымдағы қызметтің өзекті мәселелері қаралды. Банктің басқарма төрағасы Николай Подгузовтың сөзінше былтыр жинақталған инвестициялық портфель $16,5 млрд деңгейіне жеткен. Нәтижесінде Банктің Қазақстандағы инвестициялық портфелі ұлғайып, 7,2 млрд доллар болды. Отырыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы бірқатар шешім қабылданды. Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша Премьер-министр ЕАДБ Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал Төрағаның орынбасары болып Қаржы министрі Мәди Такиев тағайындалды.