Трамп әкімшілігі Иранға ядролық энергетикалық бағдарлама жасау үшін 30 миллиард доллар бөлуі мүмкін. CNN телеарнасы осылай деп жазады. Олардың айтуынша, бұл қадам санкцияларды жеңілдетіп, Иранды келіссөзге тарту мақсатында жүзеге асырылады .
Бірақ қаржылай көмек АҚШ тарапынан емес, аймақтағы араб елдерінен бөлінеді. Осылай әрекет ету арқылы Ақ үй басшылығы Иранның ядролық бағдарламасын тек бейбіт мақсатта пайдалануды көздеп отыр. Бірақ уранды байытуға тыйым салады. Сөйтіп, Иранға байытылған уранды импорттауды ұсынды. Әзірге Трамп кеңесшілері ұзақмерзімді бейбіт келісімге ұмтылудың маңызды екенін айтып жатыр.