АҚШ жақын арада мұнай қорын толтыруды жоспарлап отырған жоқ. Ақ үй баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шешімді Президент Трамп пен жергілікті Энергетика министрлігі қабылдаған. Қазір АҚШ-тың стратегиялық мұнай қоры 1980 жылдан бері ең төменгі деңгейге түсті.
Себебі бұрынғы президент Джо Байден нарықтағы бағаны төмендету мақсатында осы резервті пайдаланған. Ливиттің сөзінше, қазір АҚШ өзінің ішкі ресурстарын пайдаланып, энергия өндіруді қолға алды. «Бұл бұрынғы әкімшіліктің энергетикаға қатысты қиындықтарымен салыстырғанда әлдеқайда тиімді», – дейді ол.