Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына сапары барысында Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоғын қойып, Ақтөбе жұртшылығымен әңгімелесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойып, оның рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Биыл қазақтың қайсар қызының туғанына – 100 жыл.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Сондай-ақ мемлекет басшысы Әлия Молдағұлованың ескерткіші жанында жергілікті жұртшылықпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жұртшылықпен кездесуде
Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жұртшылықпен кездесуде. Фото: Ақорда

"Әлия Молдағұлова – халқымыздың қайсар қызы. Бүгін 100 жылдығына орай арнайы келдім. Бұл, ең алдымен, азаматтық борышым. Тағзым ету үшін келіп отырмын. Баршаңызға көп рақмет. Әлияның есімін халқымыздың арасында, шетелде кең ауқымда дәріптеуіміз керек. Ол – біздің мақтанышымыз. Сондықтан оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады", — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ президент қазіргі алмағайып заманда бірлікті, татулықты сақтау өте маңызды екеніне назар аударды.