Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Қосшы

Дональд Трампқа импичмент жарияланбайды

Дональд Трампқа импичмент жарияланбайды

АҚШ Президенті Дональд Трампқа импичмент жарияланбайды, деп хабарлайды 24kz.

Себебі, Конгресс бұл туралы қарарды қабылдамай тастады. Осы бастаманы көтерген демократ Эл Грин: «Ақ үй басшысының Иранның ядролық нысандарына соққы жасау туралы шешімі заңсыз», — дейді. Өйткені Конституцияға сай Америкада қарулы операция бастау үшін алдымен Конгресстің келісімі қажет. Яғни, Президент өз бетінше шешім қабылдаған. Сарапшылар: «Конгрестің екі палатасында да республикашылардың, яғни, президент Трамп жақтастарының ықпалы күшті. Ақ үй басшысына импичмент жариялануы екіталай», — деп отыр.