Алматы облысының полиция қызметкерлері қызмет бабында қаза тапқан бейбіт күннің батырларын еске алды.
Шараға жиналғандар Қонаев қалалық полиция басқармасының алдындағы ескерткішке гүл шоғын қойды. Еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері облыста 40 полиция қызметкері көз жұмса, 10-ы ерлікпен қаза тапқан. Солардың бірі Амангелді Шарапиев. Ол осыдан 27 жыл бұрын көшедегі бұзақыларды ұстау барысында бақилық болды. Марқұмның туған-туыстары мен полиция ардагерлері қызмет бабында жүріп өмірден озған батырлардың есімі ел есінде мәңгі сақталатынын айтады.
Эльдар Исабек, Амангелді Шарапиевтің ұлы:
- Әкемді мақтан тұтамын. Еске алып тұрады, өзімізге де қуанышты. Бұл ешқашан ұмытпағаны біздің әкемізді. 27 жыл бұрын өлсе де жыл сайын осындай мерекелер ғана өткізілмейді. Үйімізге келіп, қал-жағдайымызды біліп тұрады.
Рауан Шалбаев, Қонаев қалалық ПБ бастығының орынбасары:
- Біздің осы қазіргі таңда қызмет істеп жүргеніміз, қызметте жүргеніміздің бәрі біздің алдымыздағы ағаларымыздың осы ішкі істер органдарына қосқан үлестері. Сол кісілердің ерен еңбектері ешқашан ұмытылмайды. Ол кісілердің еңбектерін әрқашан бағалап, осындай іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұрамыз.