Теңге нығая түсті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,73 пайызға төмендеп, бір доллар 519,26 теңге болды.
Ұлттық банк мәліметінше, 24 маусымдағы ресми бағам — бір долларға 523,46 теңге.
кurs.kz деректеріне сүйенсек, қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу — орташа есеппен 518,72 теңге, сату — 520,80 теңге. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 517,45 теңгеден сатып алып, 523,45 теңгеден сатып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!