Солтүстік Қазақстан облысында ішімдіктен бас тартқан ауыл саны 18-ге жетті, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы Еңбек ауылында арақ-шарап сатылмайтын болды. Мұндай шешімді жергілікті тұрғындар ақсақалдармен ақылдасып қабылдаған. Осыған орай өңірде «Салауатты ауыл» челленджі басталды. Еңбек елдімекені бұл игі дәстүрді көрші Шал ақын ауданына жолдады.