Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден аса зейнетақы төленді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Соның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 181,2 млрд теңге бөлінген. 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 481 мың адам.
"2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 95 814 теңге, базалық зейнетақы мөлшері 47 688 теңге болды", — деп жазылған хабарламада.
Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ең жоғары 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылып келеді.
"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65%-ынан 70%-ына дейін артты, осылайша 32 360 теңгеге жетті, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейі бойынша 105-тен 110%-ға дейін артып, 50 851 теңгеге жетті", — деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!