Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда екінші АЭС біріншісіне қарағанда тезірек салынуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, АЭС салу мерзімі жобаны іске асыратын компания ұсынатын технологияларға байланысты.

"Мұның барлығы АЭС салатын компанияның технологиясына байланысты", – деді Роман Скляр.

Сондай-ақ, ол Үкімет екінші нысанның құрылысын кейінге қалдыруды жоспарламайтынын және екі жобаны қатар дамытуды көздеп отырғанын мәлімдеді.

"Екінші АЭС құрылысын созбауды жоспарлап отырмыз", – деді вице-премьер.

Болашақ станцияның құны әзірге белгісіз. Бұл тек техникалық-экономикалық негіздеме аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget