Астанада «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің отырысына байланысты 18 маусымға дейін бірнеше көшеде жолдар уақытша жабылады.
Бас қалаға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин ресми сапармен келеді.
Атап айтқанда, Қабанбай батыр, Мәңгілік ел даңғылдары және Қонаев көшесінде көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі. Елорда әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге осы өзгерістерді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлауды ескертеді.