Иә, балалардың қатыгездігі немесе қауіпсіздігі, буллинг, әлеуметтік желілердің қаупі, сұрақтар күннен күнге өзекті болып барады. Және бұл сұрақтар, әсіресе жасөспірімдердің озбырлығы, әлсізге күш көрсетуі бүкіл әлемді алаңдатып отыр.
Netflix түсіріп, биыл көрермен назарына ұсынылған «Жасөспірім» сериалы туралы сәуір айында материал бердік. Көптеген елде қызу талқыланғанын айттық. Неге ушығып барады? Қай жерде мүлт кетіп отырмыз? Не істеу керек? «Смартфонды таста!» дегеннен ешнәрсе өзгермейтінін түсінеміз бе? Және смартфонды бәрібір тастамайтынын ұғамыз ба? Қоғам болып жұмылып талқылауымыз керек — дегенбіз.
Жағдайдың күрделі екенін мемлекет те түсінеді, әрине. Осы аптада Мемлекеттік кеңесші Е.Қариннің жетекшілігімен балалардың құқын қорғау жөніндегі республикалық кеңес өтті. Ал Балалар уәкілі Д.Зәкиева Мета трансұлттық холдингі өкілдерімен кездесті. Жасөспірімдердің аккаунтарында баламен байланысқа шыға алатын адамдарды және балалар көретін контентті шектейтін қорғаныш құралдары керек.
Бала ата-ананыкі. Басты жауапкершілік ата-анада деуден айнымаймыз. Иә, әлеуметтік жағдайы өте нашар отбасыларға көмектесу парызын билік өшіретсіз өтеуі керек. Біздің айтпағымыз — жалпы, баланы азамат қылып өсіру — ата-ананың міндеті. Бірақ өткенде ардагер ұстаз Өмір Шыныбекұлы «барлық ата-ананың пайымы жоғары емес» деп балабақша, мектептердің жауапкершілігіне тоқталды. Бұл сөздің де жаны бар. Қайта-қайта материал жасайтын осы тақырыпқа орай Данияр Қайыртайдың сараптамасы.