Астанада «Қазақ тілінің формуласы 2025» атты кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды 24kz.
Оның авторы – 6 тілді меңгерген полиглот Владислав Тен. Оқулықты жазып шығаруға 1,5 жыл уақыт кеткен. Оның тиражы 2 мыңға жуықтайды. Кітаптың таныстырылымы Достық үйіндегі «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» атты дөңгелек үстел аясында өтті. Шараға Парламент Сенатының депутаттары мен түрлі этнос өкілдері қатысып, мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау жұмыстары талқыланды.
Владислав Тен, «Lingva Ten» тіл орталығының жетекшісі:
- 6 тілден шет тілінен сабақ беремін. Оның ішінде ағылшын тілі бар, кәріс тілі, өзбек тілі, түрік тілі, орыс тілі бар. бірақ қазақ тілі ең ерекші тіл. Себебі мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан кәрістер үшін киелі жер. Себебі кәрістер жаңа Отанды осы жерден тапқан.
Геннадий Шиповских, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қазақстан халқы Ассамблеясының мықты жобалары бар. Соның бірегей авангарды десек артық болмас, бұл – «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» атты осы Ассамблеяның жобасы. Бұл жобаның ішінде қазақ тілін дамытуға , насихаттауға қатысты түрлі зонтик жобалары бар. ҚХА қашан да, қай кезде де осы еліміздің қазақ тілі мәртебесін әрі қарай да өсуіне өзіндік атсалысатын болады.